ВЕРНУТЬСЯ

           - Теңіз деген осы
ма- деп қараймын,

Шарқ ұрғызған
шабыттарын талайдың,

Міндім десем
кереметтей кемеге,

Шыққандаймын
елдегі бір төбеге.

Айналам кең ай
даламдай өзімнің

Сыпырылды
томағасы көзімнің:

Толқындары ысқырып
жел қайырған,

Қой секілді
өзіміздің жайылған.

Деуші еді ғой
теңіз сыры тереңде,

Қазақ оны қоса
алмас-ты өлеңге.

1957