ВЕРНУТЬСЯ

Таң десең,
таң қандай!
Есіңнен танғандай.
Күн жарып қауызын
Нұр болып тамғандай.
Кең дала - тұрағы,
Көгінде қыраны,
Таң Торғай
айнасын
Күйге ұстап тұрады.
Бақасы
шырылдап.
Су беті шымырлап.
Шерткендей сыр-назын
Самалға
сыбырлап.
Шоршиды шортаны,
Шабақтар
жорытады.
Қош алған қаз, үйрек
Әр таңды,
зор таңды.
Көк шатыр төңкерген
Көкжиек көмкерген
Сарыарқа - алтын
күз
Кеудесін кең
керген.
Алтын күз -
астықтан,
Жаркын түз -
жастықтан.
Бақыттан, уақыттан.
Жайқалған жақұт
дән.
Шапақпен шағысып,
Сағыммен шабысып,
Тұр олар мұрттарын
Шиырып, шанышып.
Сары жаздар жері бұл,
Сарбаздар елі бұл,
Жангелдин жері бұл,
Сабаздар елі бұл.
Бауырына кысады
Жомарт жер
кұшағы.
Қазақ та құшады,
Орыс та қысады.
Азаттық туым да,
Қазақтың
тыңын да,
Көтерген солар ғой
Күрестер сынында.
Ерлігі ұран
ғой,
Елдігі жыр-ән ғой,
Торғай тек аты
ғой,
Затында қыран
ғой.
Сырластым таңымен,
Тілдестім талымен.
Жылындым тағы мен
Жалындар табымен.
Ақындар өсетін,
Батырлар өсетін
Торқадай
топырағы
Шүйгін жер осы екен.
Тобылғы, торы
кайың,
Теңіз дән Торғайым,-
Таңыңды, жаныңды
Тотыңдай толғайын.
1974