ВЕРНУТЬСЯ

Ескі жұрт, саған бас ұрып,Тербеттім жанды сезіммен,Сағыныш тамды көзімнен.Әкемнен таяқ жеген жер,Бошалап кетіп бозінген.Желіні толып бойынан,Жеті күн асып айынан.Қиған соң қилы тамырын,Қансырап барып қайыған.Бозінген боздап қорада,Тұратын ниеті-далада.Солардың бәрі санаға,Құйылып самсап бұлақтай,Сәуле боп жарқыл қағады, ә!Келгенмін соны сағына,Қызыл орамалды қыз болып,Қол бұлғап... жайлап жүз-көрік.Солардың бәрі, солардың,Арбайтын алыс сағым, ә!Туған жер барда ескен леп,Кеудеде қалай от сөнбек?!/Өзіңде туып өскен көп/Келдім мен саған жеті аунап,Күш -қуат алып кетсем деп...