ВЕРНУТЬСЯ

Қиялым ұшқан қияғаҚияли қалпым қалам ба?Арманым менің қиянда-Алдырмас асу адамға.Тартса да күндер күйбеңге,Жүрегім менің заңғарда!Түн бойы тылсым күйге ене,Оянам сыршыл таңдарда.Ұйқыбас өмір – жауындай,Ұйқысыз пендең мен едім.Үдере соққан дауылдайҮздіксіз тербер жел едім.Маңғыстау -маңғаз  өңірімСанамды менің селбеген.Өзіңмен егіз өмірім,Өр әуенімен тербеген.Бабалар дәйім дем беріп,Бастайды  тұнық ғажапқа!Шабытқа бойды кернетіп,Қызмет ет дейді қазаққа!...Түсімде кеше,түсімде,Атадан аян берілді.Тұп-тура қыран пішіндеТұлғам бір менің көрінді.Маған шын,саған өтірік,Қалықтай қанат қағамын.Қыран боп маған көрініп,Қолдауы ма ата-бабаның?!Не болсын,мейлі,жәй емес,Ұқсамас мынау өңіме.Билеген мені қай елес,Сүйреумен зеңгір көгіме?!Білмедім,достым,білмедім,Әуейілігім бе бұл менің?Дүниеге әлде құр –тегінКелмеген кие-ұл ма  едім?!

Автор: