ВЕРНУТЬСЯ

       Ұйқы
азайды бізде де осы күні,

Естілгендей
алыстан досым үні.

Көбейтетін
сияқты адам мұңын

Егделік пен
жастықтың қосылуы.

Өмір не айтса,
барлығын ұғайын ба,

Дегенінен
шындықтың шығайын ба.

Таңда жаспын,

ал кеште қартың
менмін

Келер күнін
қосатын уайымға.

Осы уайым
шынымен басқаны ма,

Қара бұлттар жиылды аспаныма.

Бірге оқыған
бауырлар түске кіріп,

Ертіп мені
кетеді жас шағыма.

Күзім келді,
жүзім де ажарлы еді,

Көңілім де
көншігіш базарлы еді.

Кішісі едім
кластың, курстың да

Ең соңынан алмақ
па ажал мені.

Жүріп келем
ақырын, баяу басып,

Көңілім жоқ
баяғы алауға асық.

Демалатын
кездерім, қашықтай бер,

Мен алатын
аздаған бар-ау нәсіп...