ВЕРНУТЬСЯ

      Жаныңның бар
қызуын,

Жастықтың бал
қызығын,

Жолыма құрбан
еткен

Мен - сенің
жалғызыңмын.

Барамын сапар
шығып,

Кеудеңде жатар
күдік.

Жазбаған, әке,
бізге

Өтуге қатар
жүріш

Үрей тұр
жанарыңда,

Сауал бар
қабағыңда,

Ол не, әке,
үмітің бе,

Қоятын талабың
ба?

Жақсы іске
тырыспас кім,

Бір қадам дұрыс
бастым.

Өмір ғой...
Тайып кетсем,

Сен маған ұрыспассың.