ВЕРНУТЬСЯ

     Қасым Қайсеновке

     Атты бізді ұлы оқтармен,

Басты бізді
танктермен,

Көмді бізді бомбалармен,

Түтіндедік жанып
көрден.

Жер бетіндей
өрттен қалған,

Оқ айырған жарты
аспандай,

Жау қанжары
өтпей қалған

Тұрдық алып
жартастардай.

Ылғи жүріп от
ішінде,

Болып алдық
сөнбейтіндей.

Өле-өле жол
үстінде,

Болып алдық
өлмейтіндей.