Жеттің бе қуып, жырыңды қайғым,
Көріп те қапты төбенді ел,
мен әлі де сол бұрынғыдаймын,
"He
болып кеткен!" - демендер.
Қашқанда сенен қайда барамын,
қателігім де көп, тегі.
Аспанды қойып. Айға қарадым,
оған да қолым жетпеді.
Жүрсің-ау деймін жиі есіңе алып,
қалмайсың менен өкшелеп,
Жыныма кейде тиесің анық,
"Тиіспе!" - деуге жоқ себеп.
Қайырыла соғып қарлы бораның -
қатыгез, қатал, қанды аяқ,
күлкімнің қанша алдын орадың,
кеткен бір кегің бардай-ақ.
Сан рет саған қарсы да атылдым,
сау-тамтық қалмай денемде,
қара найзадай шаншыла тұрдым:
"Біттің-ау енді?".. - дегенде.
Қашып та сенен қайда барайын,
өзімнің қайғым - өз мұңым,
күнге қарайын, айға барайын,
сала жүр, қалмай, көз қырын.
Жеткенде қырдан қарлы дауысы,
саңқ етті бір ой санамда:
дос-дұшпан
күліп,..
қалғымау үшін
қайғы да керек адамға!...
Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім,
Жетпейді әудем жерге зор дауысым,
Келіп ем достықты да қолдан иіп,
Көріп ем тон да киіп -
тоңбау үшін.
Қайтейін,
жарамады емге бірі,
Түсінбей әлі
күнге ел де мұны, -
Тонымды иығыма
жапты қасым,
Досымның жатты
басым...
пенделігі.
Өршітіп ішімдегі өртті күмөн,
Түлкідей тіршілік те етті бұлаң.
Жылғадай ындынынды қандырмайтын,
Тұрғаны-ай
түгелденбей төрт құбылам!
- 119 просмотров