ВЕРНУТЬСЯ

        Тұрсынхан
Әбдірахманова

апаймыздың рухына

       Ежелден өлең сөздің үздігі едік,

теренде тектілерге жүздік еріп,

түзедік ойымыз бен бойымызды

аққудай
айдындағы Сізді көріп.

Бұлқынған
кеудесінде саз күмбірі,

бұлақтай
булыға аққан аздың бірі -

толықсып, топты жара шығып едің,

қауызын кештеу жарып жаздың гүлі.

Әніңіз, сәніңізбен
бұқтырмалап,

айнала арыңызбен тұтқындап ап,

төреден озып барып төрге өтіп ең,

көргенде қиянатты шыттың қабақ.

Айтам деп, ел тұрғанда
енді кімге,

жырлап ең кендігін де, кемдігін де,

қазақтың мандайына біте қалған,

Жұлдыз боп
қала бердің Сен бүгінде.

Жататын бір жаңарып, бір көнеріп,

ел едік ежелден-ақ, іргелі едік.

... Жетіпсің арманыңа, абзал Апа, -

кетіпсің өмірінді жырмен өріп!

2004 жыл