ВЕРНУТЬСЯ

        Орнынан қозғалақтап ұраншы ұлыс,

Бергеннен
құлан иек қылаң шығыс,

Түбінен
тереземнің шыр-шыр етіп,

Шырылдап
оятып жүр бір әнші құс.

Күннен де қабағымды бұрын бағып,

Таң атпай
оятады ол шырыл қағып, -

Беріліп
біржолата сиқыр ымға,

Біразын ұйқының да шығындадық.

Сағыныш, сазы бөлек арманға еріп,

Тұрғаны
шыр-шыр етіп,

Таңнан
келіп,

Түстеп те
танымадым,

Тек кана
бір

Бармақтай
құс екенін қалғам көріп.

Түбіне тереземнің күнде қонып,

Біресе
шырқап ұзақ,

Бір
бөгеліп,

Кім
білсін,

Пәле-жала
дегендерден

Болып ап
шынашақтай

Жүр ме
қорып?!

Тандайы талайғы бір сырды аңғартып,

Кетеді
кейде тіпті жылдамдатып,

Кім
білсін,

Бізге де
олжа үлестіре,

Жетті ме
ілестіре қырдан бақыт!

Төгіліп сөзіме гүл,

Көзіме нұр,

Бақыттың
орай соғар кезі ме бұл, -

Әйтеуір,
қызық екен құс үнімен

Таң атпай
оянудың өзі де бір!

Жақсылық болар-ау деп ырымдайды ел,

Ендеше,
әнші құсым, шырылдай бер,

Келе бер
таңды атырып.

Кеш
батырып,

Әйтеуір,

басқа жаққа бұрылмай
кел!..