ВЕРНУТЬСЯ

       Әй, тексізім, тексізім,

Не қыласың
өбектеп.

Сен
кіретін жоқ тізім,

Енді
бізден - бөлек кет.

Су да құйып
қолына,

Суыл қағып
жүрегің.

Тектілердің
тобына

Қосыла
алмай, жүдедің...

"Өтсем!" - дедің өтініп,

Өзіңді өзің сүйрелеп.

Жарлау
жерден секіріп,

Тарлау
жерден кимелеп.

Шықтың кейде тым шектен,

Сен бе,
бірақ, мойындар.

Ойып тұрып бір шеттен

Орын алмақ
ойың бар...

Жасырам деп ізіңді,

Асырам деп
айлаңды.

Сұрың неге
бұзылды,

Тілің неге
байланды?!

Еті тірі ептінің

Бірі ғана
шығарсың.

Тізіміне
тектінің

Неге сонша
құмарсың?

Қалай қарай кетті ізің?

Қорқа берем қарадай!

Тексізі мен бетсізін

Тайраңдатқан заман-ай!