ВЕРНУТЬСЯ

       Ішінде көк тұманның
сан адасып,

жете алмай келем елі - ара қашық,

ілесем күрең өмір керуеніне,

әлдімен, малдымен де араласып.

Тірлігің осы ма деп төтесінген,

қарай ма қара жолдар кекесінмен, -

Шөліндей Кербаланың дала жатыр,

... қалмай да бара жатыр, көке, сүлдем.

Ішінде кім жоқ дейсің бұл керуеннің, -

бәрін да танып-біліп үлгергенмін.

Қаншасын көріп келе жатқандаймыз

Көкжиіп
көк есекке мінгендердің.

Көргеннен шошынарлық түрін адам.

бірі қырт болады екен, бірі надан.

Амал не,

сонарда да,

қонарда да

қосылып соларға да жүріп алам.

Салбырап екі аяғы түсіп көктен,

шенді мен шекпендісі ісіп-кепкен.

Шыдамай осындайға

жақсылардың

көбісі көкке
қарай ұшып кеткен ...

Алмайтын дүние мұңын
ойларына,

бірі мәз бүгін қарын тойғанына.

Налисың тағдырыңа

сірестіріп,

соларға ілестіріп қойғанына!...

Ішінде көкшіл тұман
әлі адасып,

жете алмай келе жатам - ара қашық.

Ілесем керең өмір керуеніне

итімен, құсымен
де жағаласып!

6 наурыз, 2006