ВЕРНУТЬСЯ

      Десеңші енді бірдеңе...

Жан қала ма бұққанмен,

Шыдай-шыдай
шындықтың ыңыршағы шықты

Ырду-дырду айнала,

Ұры-қары...

Ұлтанқұл

Ұлттың
өзін бұл күнде руынан тұтқан кем.

Асқына кеп көнбейтін халге жеткен дерті емге,

Сендей
ғана соғылды ел

Сенімі жоқ
ертеңге.

Жынданбай-ақ отырып күй кешесің дел-сал бір,

Әзірейіл
төніп кеп тұрғандай-ақ желкеңде.

Ақын да жоқ

Ақыра есе-тендік сұрайтын.

Батыр да
жоқ

Батыра
бағыт сілтер бір айқын.

Аға да жоқ ұмтылар,

Жаға да
жоқ жыртылар,

Бұдан әрі,
шын айтам, шама да жоқ шыдайтын...

Айға білеп азуын,

Ар-намысын
қайрап ер,

Күн туар
ма: "кешегі кісілігім қайда?" - дер,

Оған
дейін, осылай үрей бар да, үміт жоқ,

Өлеміз бе?

Қайтеміз,

Көнеміз
де, қайран ел!