ВЕРНУТЬСЯ

Ж..ЖабаевқаБаурады мені бір ғажап әлем таң нұрлы,Сәуледен безіп, күйкі тірлігім қаңғырды.Табанды тіреп маңғаз Маңғыстау  жеріне,Абайдан кейін қарсы алып тұрмынЖамбылды! Жыр дариям менің,Тілдіге ағыс бермеген!..Тұлпарға сайсам шаң жұқпай өтер кермеден.Құрсаулап бекем, тұсауласа да тұл өмірТекті жырларын өшпестей қылып зерлеген. Еңіреген елге өлең бұл, берер тәлімін,Сүйеніш болып қолтықтан демер дәру-үн.Амангелдінің семсері сынды тот баспасЖамбыл-жыр бейне жалаулы-найза,Қаруым! Айтқандай өзі:«Халық, – деп, – менің шын атым»,Өсиетнама ол, кәрі де, жас та ұғатын.Қазақтың рухы асқақтап шықса көгіме.Танимын одан баба Жамбылдың мұратын! Дара шың деймін,Жете алмай бұлттар асылған,Ол дүбір салса, жыр пырағы да тосылған.Өлмес өлеңнің ғасырлар болса өлшеміЖамбыл-жыр әлі асады талай ғасырдан!