Келеміз -
Мәлікпенен екеуміз тек,
Шаршатпай кәуапғымнан
алды демеп.
Келеміз от бұршақтың
ортасымен
Кеңеске түтеген
оқ болмай бөгет.
Тоқтатты Мәлік
сонда айтты бір сыр:
- Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр.
Тәтті өмір,
жар-достарды сүйгені үшін -
Ажалмен інің
саспай шайқасып жүр.
Қорқамын ажалдан
да бір нәрседен:
Қорлық қой
жерсіз, күнсіз өмір сүрген.
Тірлігің туған
елдің тірлігінде,
Өлгенің ту
жығылса сүйген жерден.
- Ойлама корықпайды деп өлімнен құр.
Ардақты мен үшін
де қымбат өмір.
Шаттықты,
жар-достарын сүйгені үшін
Ажалмен інін
саспай шайқасып жүр.
- Дұрыс-ақ!- Мәлік сөзін мақұлдадым
Қорғайды ара дағы
жақындарын.
Адамбыз, ара
емеспіз, ұрпағымыз
Байтақ жұрт, жолбарыстай
батырлардың.
1942
- 135 просмотров