ВЕРНУТЬСЯ

Тауларым түнгі бұлқынар

   Өзіммен өзім оңаша

күн кешкен кезде,

өзіммен-өзім оңаша

тілдескен кезде,

қуанған кезде,

күлгенде,

мұң кешкен кезде -

ақпан-ойларым

арбасып көктем-ойларым,

көзімде менің

бұлаңдар көк тоғайларым;

өткен айларым,

кеткен айларым,

көк тоғайларым -

көңілдің керім тұсындай,

сәуірде келген

көктемнің жасыл құсындай.

Кеудемді жарып,

шырқырап көкке бойлар үн:

Өшкен ойларым,

көшкен ойларым,

кешкен ойларым -

тауларым түнгі бұлқынар,

Күзгі сағыныш

   Бұла арман сынды...

Бұла таңдарды тербеген,

бұла сағымдай

бұғалық түсіп көрмеген,

бұл өнім менің жазылды,

кезімде

сағыныштарға шөлдеген...

Шалқарға -

шалқып құлаған,

шулаған -

сыңсып жылаған,

долы өзендердей,

қара ормандардай

шырқаған кезде бұлақ ән...

Жол тартып

жылы тұстарға,

ақ еділ көлден

ақ үйрек-қаздар ұшқанда,

бұл әнім менің жазылды,

еңсеріп кешті,

телміріп қарап құстарға...

қазан, 1973 жыл

Жаутандаған жаны нәзік, «бөтен» қыз

   Жаутандаған жаны нәзік, «бөтен» қыз,

жалт
қаратар мінезімен баршаны,

тамыз
еді табысқанда екеуіміз -

алтын
күздің қарсаңы.

Көзің
сенің тұмадайын тұнық-ты,

талай
жігіт сұқтанатын сыртыңнан.

Жүрек
сырын аспандағы Ай, түн ұқты,

ұқты Алатау
жыр тұнған.

Ал
сонан соң?..

Жатырқамай
сен ұқтың,

болмысымды
болмысыңмен аңғарып,

жанарындай
жалт етіп бір еліктің

өтті
мені ән қарып...

Айдынымды
шалған жан ем ерте мұң,

Ынтымақ жыры

    Жер бетінде іңір барда, таң
барда,

Жер бетінде азап барда, ән
барда,

Тыну...

Сыну...

Шет қалу - жараспайды

Ақын болып жаратылған
жандарға.

Кінә...

Кінә...

Ақындарға күнә - бұл.

(Мейлі азаптан! мейлі шаттан!

Жыла! Күл!)

Арып-ашып былғамастан
қағазды,

Ай мен Түннен,

Жер мен Көктен сұра жыр.

Қарамайтын ымыра мен
былшылға,

бұрылмайтын жәдігөй мен сыршылға,

Жыр сұрағын уақытты тізгіндер,

ортақ ойлы данаға да,
қыршынға.

Бозамық таң... Жүрегімді жыр қарып...

  Бозамық таң... Жүрегімді жыр
қарып...

Тал-қайыңдар, алма-ағаштар ырғалып,

қыдырып жүр көктем менің көшемде,

көктем менің тереземді тұр қағып.

Қызыл-жасыл жарнамалар
секілді,

ой келеді, ой қашады не
түрлі.

Бұлдыр-бұлдыр... Бұлаңытып көк аспан,

бесін ауды, ауды сұлу-екінді.

Намаздыгер... Нарттай қызыл кешқұрым,

көкжиекпен жалқынданып, көшті
күн.

Көз байланды... Қиылып кеп Ай
туды,

Алатаудың сүтпен бояп
төстігін.

Жұлдыз жауды... Бір ғажап ән естідім,

Страницы