ВЕРНУТЬСЯ

Көктөбе

    Мамыр айы...

Тал, қайың көктегелі,

сеземісің, іздеймін
Көктөбені.

Жастығымның ізі бар ол арада,

шақырмайды күндерім текке
мені.

Толға, тауым, көңілді толға,
көлім,

мөлдір, таза кезім бар онда
менің.

Айлы аспанды көтеріп
алақанға,

алғаш сонда қанатты қомдап
едім...

Махаббатқа, сезімге анық
қанып,

сөз арнап ем ғаламға
талып-талып.

Алатауды көлбеген қос
аққудай...

Қанша жүздік?..

Есте жоқ қалықтадық?..

Құлағымда жастықтың сазы қалған,

Күн өтер, ай да, жыл-дағы

    Күн өтер, ай да, жыл-дағы,

су шаяр мұңсыз жылғаны.

Сан жанып,

талай өшер-ау,

шаттықтың әні,

шырқалып өмір мұңды әні.

Су шаяр үнсіз жылғаны.

Таранып, талып таңда Айым,

бүршігін жарар тал-қайың;

құлпырар нұрлы дүние,

сәуірде сілкіп шалғайын,

бүршігін жарар тал-қайың.

Таусылмас арман, наз, үміт,

бітпес-ау жыр да жазылып,

бітпес-ау көңіл-қазына

мың-мың жылда да қазылып,

бітпес-ау жыр да жазылып...

30 сәуір, 1976 жыл

Шатынардай жанымның жасындары

  Шатынардай
жанымның жасындары,

сағынамын
сені мен қасымдағы;

сағынамын,
шашыңнан сипап тұрып,

қоштасардай
күні ертең жасыл бағым.

Көзден
ұшып жасыл тау, жасыл көлдер,

жасыл
аспан жасаурап шақырардай.

Қоштасардай біз сүйген жасыл белдер,

көк
өзендер көктемгі «ах» ұрардай...

Алау
ернің...

Албырап,
гүлім-еркем,

ақырғы
рет өртеніп жанатындай;

бәрі-бәрі
бітердей бүгін-ертең,

өлең
біткен таусылып қалатындай.

Жұлынды ұрып

   Жұлынды ұрып,

буынды ұрып,

есті алып,

сынық күлше бара жатыр төсте
ағып.

Сызып өтіп бір тылсым ән
кеудесін,

күрсінеді, мұңаяды кеш налып...

Мұңаяды...

Үйлер,

көше,

бақтар да,

қайыңдар да,

кіреукелі ақ тал да,

түнгі неон шамдары,

сықырлауық ақ қар да...

Мұңаяды

түнгі Алматы...

Жер-Көкте...

Әйнектерді аяз буып, өрнектеп.

Қаңтар ұлып бара жатыр аспанмен,

қаңтарулы сезім ұлып жөргекге.

Сынық күлше барады ағып
шалқалап,

Қара жорға

  Атам Нұрахметтің Рухына

Бір тымық әуен...

Еседі...

Өртенді күн мен

ертеңгі күнді жалғаған...

Келемін кезіп көшені,

ойымда менің - маң таулар,

ойымда менің - маң далам;

қарағайларым, белдерім,

сары адырларым, көлдерім...

Есіме түсті

Нағашы атамның қара жорғасы,

көрінсе қара алыстан,

ауыздырыкпенен алысқан,

есіме түсті жануар,

сағыммен, желмен жарысқан.

Есіме түсті...

Толқыдым мұнша мен неге?

Толқыдым бала кезгідей

күтетін

қара жорғаны көмбеден...

Страницы