ВЕРНУТЬСЯ

    Мамыр айы...

Тал, қайың көктегелі,

сеземісің, іздеймін
Көктөбені.

Жастығымның ізі бар ол арада,

шақырмайды күндерім текке
мені.

Толға, тауым, көңілді толға,
көлім,

мөлдір, таза кезім бар онда
менің.

Айлы аспанды көтеріп
алақанға,

алғаш сонда қанатты қомдап
едім...

Махаббатқа, сезімге анық
қанып,

сөз арнап ем ғаламға
талып-талып.

Алатауды көлбеген қос
аққудай...

Қанша жүздік?..

Есте жоқ қалықтадық?..

Құлағымда жастықтың сазы қалған,

кекілді қыз жәудіреп, назы
қалған.

Алматының сол түнгі кескіні
есте,

аспанында қалқыған нәзік
арман.

Мамыр айы...

Бел-белес көктегелі,

жиі іздейтін болдым мен Көктөбені.

Сол төбеден, байқашы жанға
жайлы

Ыстық жалын келеді, от
келеді...

мамыр, 1978 жыл