ВЕРНУТЬСЯ

    Ризабекке

Сендер
әжемді ұмыттыңдар ма,

ұрсатын
бізге құртты ұрларда.

Ойнасақ
кеште «қоңыр қозыларым», деп

шақыратын
ылғи шығып қырларға.

Қоңыр
іңірде, қоңыр кештерде,

қоңыр
таулармен бұлт көшкенде,

қоңыр
бешпетті менің әжемдей,

қоңыр
аспаннан жарық өшкенде...

Сендер
әжемді ұмыттыңдар ма,

бал
күнді қалаған сынық шыңдарда;

қозы
біткенді көгендеп өскен,

қоңыр
қозылар, шығып қырларға?!

Ұршықтай
мынау айналып аспан,

ұлтарақ
белді айналып асқан,

ұмытпас,
сірә, әжемді менің

бал
дәурен күндер жайлауы - дастан?!

Сендер
әжемді ұмыттыңдар ма,

ұрсатын бізге
құртты ұрларда?

Кешіксек,
кеште «қоңыр қозыларым» деп,

іздейтін
ылғи шығып қырларға...

Сендер
әжемді ұмыттыңдар ма?!

желтоқсан,
1969 жыл.