ВЕРНУТЬСЯ

   -     Жаным, Сені қалай таптым?..

-     Мені іздеген жырларың арқылы...

/Үркер
ауған сәттегі диалогтар/

*
* *

Оңымнан
соққан жел ме екен,

солымнан
соққан жел ме екен,

салғырттау
жүрген кезімде

сабылып
қайдан келді екен?

Жалын
боп жалап өтті не,

өртеніп
кетсем не дермін?!

Жасын
боп түнде көк тіле,

жарқ
ете түссе не етермін?!

Оңымнан
соққан жел ме деп,

солымнан
соққан жел ме деп,

созылып
жатқан белдермен

қашар
ма едім өрмелеп?!

Қуанып-толқып
сол шақта,

көзімнің
жасы моншақтап,

жығылар
ма едім кеудеңе,

тығылар
ма едім кеудеңе,

кеудеңе
сенің жан сақтап?!.

Оңымнан
соққан жел ме деп?!.

Солымнан
соққан жел ме деп?!.

ақпан,
1970 жыл.