ВЕРНУТЬСЯ

    He көрсек те біз бірге көрмек
едік,

не терсек те біз бірге термек
едік.

Амал қанша, қасқа жол бөлді
бізді,

аламаны өмірдің керме керіп.

Өтті жылдар...

Өтті күн...

Өтті уақыт...

Сананы ұрып, сезімді кетті уатып.

Өлең дейтін құр асау бас берместен,

ауыздырық салғызбай өтті
бақыт.

Күйкі ойларға бұрғызбай жердегі өрген,

сөз түгендеп, өлеңнен өрмек
өрген

Ақын-тағдыр күрсінтті неше
мені

аққудайын адасып көлде
көрген.

Жүрегімді мұң қапты, сезім талап,

қажап мені, мұжыды төзім, талап.

Күндерімде есеп жоқ...

Естимісің?!

Таңды-таңға жалғадым көз уқалап.

Өзімді-өзім жебеумен -
алданамын,

алданамда, қайтадан
жалғанамын.

Ойды жиі қозғайды сол қасқа
жол,

қасқажолдан басталған
арман-ағын...

12 қараша, 1980 жыл -

10 мамыр, 1995 жыл