ВЕРНУТЬСЯ

   Ақ ұлпа қармен ғалам, бақ,

ақ
сағым дала  

қымтанып ұйықтап жатқанда;

өртеніп түнде, алаңдап,

Сағыныштарымды...

Ұшырдым саған ақ таңда.

Ұшырдым ерен сезіммен,

ұлы таулардан

сүрінбей асып өтсін деп,

сұлу түндерде

сылқым жұлдыздар көз ілген,

жарығым, саған жетсін деп.

Жетсін деп жүрек қағысы,

ақ ұлпа қардан,

ақ борандардан сескенбей,

жаңғырып аспан,

жаңарып қала, бақ іші,

кеудемнен менің

күркіреп түнде көшкенде ой.

Ұшырдым саған...

Ұшырдым отты кезімді,

жалынға бөлеп

жырымның әрбір шумағын.

Қараша желі...

Қағып әкетті сезімді,

қағып әкетті шулы ағын.

Ақ ұлпа қарға

жаңбыр боп тамды шумағым.

қараша, 1971 жыл.