ВЕРНУТЬСЯ

    Мен
жырдан білмеуші ем басқаны,

сағым
мен сағыныш кешкен ем.

Көктем
кеп... Сезімнің аспаны

қайың
боп шулады кешке өлең.

Қиялап
қиялым бөктерді,

тырнаның
үнінен жас тамды;

көк
белдер жаныма от берді,

көңілде
бір «дауыл» басталды.

Бұлбұлдың таңғы әні -
жүректе,

толқытты
тамырды қан ыстық-

Үй
сырты... Үйеңкі дір еткен

аулада
көктем боп таныстық.

Таныстық
көктем боп көгілдір,

көкжиек
төрінде күз қалды.

Алатау
шыңдары төгіп жыр,

кеудемде
күмбірлеп із қалды.

Көктем
боп тіл қатты қия, бақ,

көктем
боп сөйледі аспаным.

Кең
әлем кеудеме ұялап,

жаңаша
толқуды бастадым...

Наурыз, 1966жыл.