ВЕРНУТЬСЯ

   Жүректің жалыны барда,

жалынға малынып ал да,

жетеле мені, жолдарым,

аялдап ал да,

сағынып ал да,

даланың сағымы барда,

жаңғырған долы өзендердің

тынымсыз ағыны барда.

Қара ормандардың шуылы барда,

жетеле мені,

Аққу - тірлігім,

көгілдір нілге жуынып ал да.

Ақ көйлектердің суылы барда,

жетеле мені отқа орап,

бойымда

от-сезімдердің дуылы барда...

Көгілдір нілге жуынып ал да,

жетеле мені,

жанымның жасыны барда,

жетеле асығып алға!

Жүректің жалыны барда,

жалынға малынып ал да,

жетеле мені, жолдарым,

жетеле!

Сағынып алға...

тамыз, 1974 жыл