ВЕРНУТЬСЯ

    Күн өтер, ай да, жыл-дағы,

су шаяр мұңсыз жылғаны.

Сан жанып,

талай өшер-ау,

шаттықтың әні,

шырқалып өмір мұңды әні.

Су шаяр үнсіз жылғаны.

Таранып, талып таңда Айым,

бүршігін жарар тал-қайың;

құлпырар нұрлы дүние,

сәуірде сілкіп шалғайын,

бүршігін жарар тал-қайың.

Таусылмас арман, наз, үміт,

бітпес-ау жыр да жазылып,

бітпес-ау көңіл-қазына

мың-мың жылда да қазылып,

бітпес-ау жыр да жазылып...

30 сәуір, 1976 жыл