ВЕРНУТЬСЯ

    Ей, менің ақша қарларым,

ең сұлу түнім,

сырғалы бау-бақшаларым,

көгілдір әлем,

ақ түбіт шәлі жамылған,

ақ торғынға малынған!

Қайдасың, қане, кел енді,

зулаған ақ боз аттайын,

ағылтып бір сәт,

сағынтып бір сәт өлеңді,

аңсауға толы шақтайын.

Дүние-жаһан

бір жасқа толған сәтте өсем,

ендіктерімде борап ән,

қайдасың,

мүлгіп жатпа сен,

қуаныштар мені ораған...

Кезіңдер сайран бағымды,

шашыңа байлап сағымды,

билеңдер, ойхой, шулатып

базарлы жастық шағымды.

Курант та әне,

қоңырауыменен тіл қатты.

Шампандар - фонтан атқанда -

аспанға мынау,

жаңа Айға туған сымбатты,

адамдарыңа қымбатты

тыныштық,

бақыт тілеңдер

ақын жүректі ақ таңда!..

қаңтар, 1976 жыл