ВЕРНУТЬСЯ

Жатақхана...

«Хали-Гали»...

Мезі
қылды-ау жанымды,

мезі
қылды-ау байқұс жырларымды.

Біле
алмаған

бұл ғасырда барымды,

шалғайдағы
момын қырларымды.

Ғажабымды,

Париждегі
қалықтаған әнімді -

кеудемдегі
ғажап үнді,

ей,
Алматы!

«Хали-Гали»!

Танымайсың
барымды,

танымайсың...

Ант
атқан мынау уақытта

армандар
қанша

«айқайында» тынып барады.

Тоқташы
бір сәт!

Кетсен де орап бақытқа,

жаңа
бір өлең...

Ұстап-ақ
қалсам жарады;

жыртылып
сезім парағы,

теңселіп
ойдың дарағы,

лүпілдеп
үні жүректің,

жаңғырып
қырға тарады.

Ауылым
жайлы

ұйқастар
неткен мол еді,

жайлаудың
әні

жырымды
келіп бөледі.

Шалдардың
сөзі

шалдығып
жетті қиырдан,

көктем-арудың

жарысып
желмен желегі,

сары
адырлардан

аққу-әндерім
келеді,

даланың
сазы, өлеңі

ойымды
менің бөледі.

«Бесіктің
жыры»,

үздігіп,
талып қыз әні...

Қиял
қанаты

туған
тауларға ұзады.

Ащы
«айқайыңнан»

Алматы
түні жыртылып,

арман
алыстап,

жүрек
тоңады, қызады...

Тауым
жеткізбей,

Далам
ұзады...

Далам
ұзады...

Ұстатпай
кетті

үздігіп
ұшып бір Өлең!

Сезім
быт-шыт боп,

жүрек
қанжоса...

Тілінді...

Өшірші
бір сәт үніңді!

Тәлкек
болғандай

Тәңірім
берген Жыр-емен

жасын
ұрғандай бүлінді,

шарпыды
жалын гүлімді...

«Хали-Галей-ей»!

Өшірші
бір сәт үніңді!

Өшірші
бір сәт үніңді!

Мамыр, 1967жыл.