ВЕРНУТЬСЯ

   Өмір босқа күрсінтіп өтер ме
деп,

ойым қаңғып қиырға кетер ме,
деп,

өзімді-өзім келемін жұлмалаумен,

өзімді-өзім келемін «көтермелеп»...

«Жоғымды» да білмейді «барымды» ешкім,

Қайғы...

Шаттық...

Өмірде бәрін кештім.

Жаным таза... Рухым азат
менің...

Айыптамас, Ас-аға, Арымды
ешкім.

Тулап үні өмірдің құлағымда,

көк өзенге, аунадым бұла құмға;

қарда тоңдым, жауында қалдым талай,

Аязда да қалдым мен жылы
ағында.

Оза алмаған сәтім көп дара
шығып,

алабұртам соны ойлап, аласұрып...

Ай, жұлдыздан сұрасын сенбейтіндер,

Сөз-тұлпарды келемін таң асырып.

Торға түсті сенімім, тоңды арманым,

қиналғанда қамығып, тоң
қармадым.

Жүрегімнен сұрасын білмейтіндер,

тағдырымның мінезін толғар
қаным.

Нұрлан Оразалин

«Арғымақ ойлар»

Өмір босқа күрсінтіп, өтер ме
деп,

Ойым...

Жырым...

Далаға кетер ме, деп,

Өзімді-өзім келемін
ширықтырып,

Өзімді-өзім келемін «көтермелеп»...

желтоқсан, 1979 жыл