ВЕРНУТЬСЯ

   Арамызда жалғанатын үн бардай,

жарықтық Ай, туыпсың-ау, шалқалап.

Жүрек күйін мүлгіп үнсіз тыңдардай,

алты қырға әкетердей
арқалап,

Ай
да бүгін туыпсың-ау шалқалап.

Бөз-баяғы
ауылдағы қиық Ай,

атам
марқұм маған жыр ғып айтатын.

Арқасымен
терістікті сүйіп-ай,

түн
ауа кеп даламенен қайтатын,

атам
маған аңыз қылып айтатын.

«Бір
жаңасы... Үш жаңасы...» деуменен,

әжем-дағы
жүруші еді-ау күйбеңдеп.

Е,
қиық Ай!

Көкте
жатқан көлденең,

менің
сөби маңдайымды сүйген көп,

өлең
болып ертіп кеткен үйден кеп.

Қиылып
кеп, туыпсың сәл шалқалап,

арамызда
сағындырған үн бардай.

Көктің
алыс армандарын арқалап,

Атам...

Әжем...

Үнімді
үнсіз тыңдардай,

қадаласың
жанарында мұң бардай...

Қараша, 1967жыл.