ВЕРНУТЬСЯ

   Екінші өлең немесе «Шыны аралас...»

Отыз
екі...

Отыз
екі...

Оңай
жас па?!.

Оң
сөз айтып келмесең маңайласпа.

Алданбаңдар, ағайын, онсыз-дағы,

көп
күніміз өртенген қалай босқа?!

Қалай
босқа күлгенбіз, қуанғанбыз,

баладайын
алданып, уанғанбыз.

Отыз
екі жыл бойы ор киіктей

тұяқтарды дүбірмен суарғанбыз?!.

Қалай
босқа жүргенбіз киіп-жарып,

күймейтұғын жерлерде күйіп-жанып,

оттегіні
бөлісіп бір ауадан,

бір
аспаннан жүргенбіз сүйіп жарық?!

Қалай,
қайтіп жүргенбіз - таңданамын?..

Өткен-кеткен...

Бірін
де аңдамадым.

Өгей
сезім кеудені тебеді енді,

Тепкізген
кім?..

Тепкен
кім?..

Таба
алмай-шамданамын.

Таба
алмай - дал боламын.

Сен
бе?..

Мен
бе...

Ол
ма?.. КІМ?..

Сұрақтардан санам быж-тыж, толды ағын.

Жібі
түзу бір жауап таба алмадым,

қақтым
бекер, қанатымды қомдадым...

Жұртта* қалған қара шаруа қосындай,

көңілімді
билеп алды тосын жәй.

Артық
айтсам, назға жығып ұғындар,

отыз
екің кезең екен осындай...

15 шілде, 1979 жыл