ВЕРНУТЬСЯ

    Жер бетінде іңір барда, таң
барда,

Жер бетінде азап барда, ән
барда,

Тыну...

Сыну...

Шет қалу - жараспайды

Ақын болып жаратылған
жандарға.

Кінә...

Кінә...

Ақындарға күнә - бұл.

(Мейлі азаптан! мейлі шаттан!

Жыла! Күл!)

Арып-ашып былғамастан
қағазды,

Ай мен Түннен,

Жер мен Көктен сұра жыр.

Қарамайтын ымыра мен
былшылға,

бұрылмайтын жәдігөй мен сыршылға,

Жыр сұрағын уақытты тізгіндер,

ортақ ойлы данаға да,
қыршынға.

Жұмысшыға,

диханға да,

малшыға,

ғалымға да,

балықшыға, аңшыға,

адамзатты аялайтын сұра жыр,

кіріптарға,

құл-құтанға,

ортақ өлең - жалшыға.

Балтық үшін Ніл кеудесін
тосатын,

Еділ суын Рейнге қосатын,

алты құрлық аспандатар сұра жыр,

бейбіт таңның әніндей боп
тасатын.

Алатауым Карпатпенен
тілдесер,

Ертіс суы Днестрмен міңгесер,

Тау, Даланы аспандатар сұра жыр,

Никарагуа Чили үшін мұң кешер.

Еркін сөйлер тығылмай да,
тарынбай,

ұлын күткен аналардың арындай,

тарқамаған түтініндей
Фудзидің,

Хиросима...

Нагасаки зарындай.

Тынба!

Сынба!

Дабылын соқ жаршының.

(Кімдер қалыс?

Қарсы кім?)

Сұра!

Сұра!

Жер бетіне ынтымақ,

сұра амандық бұғазына Парсының.

Ақын болсаң адаспа да,
шатыспа,

оқпен емес, өлеңіңмен атыс
та,

Сұра!

Сұра ғасырыңа тыныштық,

сұра амандық Шығысың мен Батысқа.

Тыну...

Сыну...

Ақындарға күнә - бұл.

(Мейлі азаптан!

Мейлі шаттан!

Жыла!.. Күл!..)

Миың менен жүрегіңді сілкі де,

алты құрлық сілкінетін сұра жыр!

8 қаңтар, 1980 жыл