ВЕРНУТЬСЯ

   Түн...

қала...

Мұңды ән бір...

Сезімнің бүрін жарғандай.

Аспанның асты - тұнған жыр,

бұлғайды қолын армандай.

Бимәлім, сырлы саз неткен,

жүректі келіп шымшырдай;

қаңқылдап алыс қаз, көктем,

қаңтар аспаны тыншырдай?!.

Қаз үні...

қандай мұңды еді,

қонарға бұта жоқтайын;

жаңғырып таудың шың, көгі,

жабырқайтындай топ қайың.

Батырып ойға қаланы,

жүректің төрі сазады;

талықсып ұзап барады

қоңыр күз бенен жаз әні.

қарыды аяз жүзімді,

қаңтардың түні тұнған жыр;

дірілдеп баяу үзілді

көшені кезген мұңды ән бір...

қаңтар, 1976 жыл

2.

Күн күледі, Ай аунап,

аманында

Дала...

Аспан...

Тербеледі ояу бақ,

ой аулауға жарасқан.

Ендігім мен бойлығым

тағдырым боп тіл қатар;

ертеме-кеш ойлы күн

есті ұрпақты тыңдатар.

Жырла! Жырла, дәптерім,

ғадауатпен беттескен!

Бекер емес сәттерім

жасын ойнап, от кешкен.

Жетпеді деп төрге үнім

қалай ерте тынайын?!

Аспанға атыл, шер-мұңым!

Жырла! Шалқы, Күн, Айым!

Естілмесе нетейін

Үнім бүгін...

Өлмеспін!

Сен ертеңге жет, Ойым,

кеудемдегі сел, көшкін.

Екі елі де кетпейді, көлеңдейді,

елеңдесем, қосылып, елеңдейді:

«Ессіз өмір кештің бе? Бірге кешем.

Өлсең, бірге өзіңмен өлем...» дейді.

Қандай сезім?

Көзіме көрінді не?

Кезді менің ойымды, өрімді
не?

Жүрегімді жаншыды қандай
азап?

Көк төсімен сәуле боп өрілді не?!

Тазалықты кім бұлай безбендепті?

Ададдығым адасып, көзден
кетті...

Бозбала күн үні ме талып
жеткен

жар жағалап, жабырқап кезген
көкті?

Жүрегімді суырып бір үн
қашқан,

көкке кетіп бара ма бұрылмастан?

Әлде сезім ғасыры көзден ұшып,

алып-қашып бара ма жырымды
аспан?

Көзі қандай мұнарлы...

Өкпелі ме?

Айта қойшы, Фаукентай,
көктегі не?

Менің ақын кеудем бе
шынымен-ақ,

зәру болған сезім мен
оттегіге?!

Нұрлан Оразалин

Екі елі де кетпейді, көлеңдейді,

көгім де, әне, қосылып, елеңдейді.

Тағдырымның үні ме?

Кім біледі?

қанат қылып мәңгі ұшар өлеңді, ойды,

елеңдейді жүрегім, елеңдейді...

мамыр, 1976 жыл