ВЕРНУТЬСЯ

  Күндер
кеткенмен...

Айлар
өткенмен...

Тәннің
сырқаты сауығып кеткенмен,

тартылмай
домбыра,

айтылмай
қалған ән

қайырыла
қояр ма

сүмбіле
кешінде көкте өрген?!.

Шыр
тамып,

шырқырап
шектерден,

нұр тамып,

көгілдір
тоғай мен

көкөрім
шөптерден,

барқыт
ән есер ме қайта бір

қаяусыз,

ояу,
сыз көңілді көктемнен?!.

Ай
туып,

ағарып
бөктерден,

толықсып,

толғанда
жерік түн,

орала
қояр ма талықсып,

талықсып
шекте өрген

сол
бір ән,

жалт
етіп қараған сәтіндей,

Көріктім?!.

6 тамыз, 1978 жыл