ВЕРНУТЬСЯ

   Жұлынды ұрып,

буынды ұрып,

есті алып,

сынық күлше бара жатыр төсте
ағып.

Сызып өтіп бір тылсым ән
кеудесін,

күрсінеді, мұңаяды кеш налып...

Мұңаяды...

Үйлер,

көше,

бақтар да,

қайыңдар да,

кіреукелі ақ тал да,

түнгі неон шамдары,

сықырлауық ақ қар да...

Мұңаяды

түнгі Алматы...

Жер-Көкте...

Әйнектерді аяз буып, өрнектеп.

Қаңтар ұлып бара жатыр аспанмен,

қаңтарулы сезім ұлып жөргекге.

Сынық күлше барады ағып
шалқалап,

сынған,

жанған

күндерімді арқалап.

Әлдекімдер

сүйіседі,

билейді...

Еміс-еміс кафе жақтан ән
тарап.

Жұлындырып,

буындырып,

есті алып.

Сынық Айым...

Бара жатыр төсте ағып.

Жарын күткен арудайын
өртеніп,

күрсінеді, мұңаяды кеш налып.

10 қаңтар, 1980 жыл