ВЕРНУТЬСЯ

   Қоштасар
бізге кез келді,

күтуде,
қара, жол алдан.

Жүрегім,
ойым өзгерді

жандай
ем кеше тоналған.

Шайқалды
көлде қайығым,

көзімнің
алды - көк тұман.

Артықтау
айттым - айыбым,

алдыңда бірақ жоқ кінәм.

Жасын
ұрғандай төбемнен,

ауырлау
тиді сын арға;

көрмейін
деген жоқ ем мен,

көміліп
қалдым мұнарға...

Бәріне мұнар кінәлі,

әкетем
оны өзіммен.

Адасқан
құстай сыңары

қоштасам
ессіз кезіммен.

Тағдырдың
жыртып парағын,

арқалап
арман қиырға,

алысқа
кетіп барамын,

айыпқа
мені бұйырма!..

Қоштасар
бізге кез келді,

күтуде,
өне, жол алдан.

Жүрегім,
миым өзгерді,

қалды
алыс күндер тоналған...