ВЕРНУТЬСЯ

    Кетемін
ертең,

ауылдан
ертең кетем мен,

жүгім
жоқ ауыр көтерген.

Қоштасып
үнсіз таулармен,

сезіммен
шәлкес от өрген.

Бөктеріп
алып

қуанышым
мен мұңымды,

жалғыз
тал жүгім - жырымды;

сүйместен
алау ерніңнен,

сипамай
қара бұрымды...

Кетемін
ертең,

сағыныш
сазын арқалап,

соңымда
қалып шартарап,

жел
сүйіп қайыс мандайды,

шарфымды
қымтай, шалқалап...

Тоқтатпа
мені!

Айналған
ұлып қораны,

тоқтамас
дала бораны.

Қала
бер сен де мұңаймай,

шәліңе
шаңқай оранып.

қаңтар,
1969 жыл.