ВЕРНУТЬСЯ

    Мен осы

ырза болмай бір ісіме,

мақсатымның

усағы, ірісіне,

бұлқан-талқан боламын өз-өзімнен,

ырза болмай

бүгінгі жүрісіме...

Тұрысыма...

Күлісіме...

Ырза болмай

күндердің бірісіне.

Тамылжыған кештерге -

үкіленген үміттің күллісіне...

Ар дауысы - айбатты...

Құлақ тұнар,

көзді жұмсам,

көңілде сұрақ тұрар,

тоғыз валды,

теңіздей теңселіп кеп,

толқын атып

жағаға бір-ақ құлар.

Басылмастай көрініп дауылым
да,

мәңгі жауып тұрардай жауыным да,

тірлігімді електеп, ойша тізіп,

сілкінемін,

таңдардың сауырында.

Бүгінімді

Ертең боп  да,

жаңа биік,

жаңа асу боламын да,

бара жатам

Ырыздық көшін қуып,

тоғыз тарам,

тоғыз жол торабында...

Ырза болмай,

кешегі бір ісіме,

ырза болмай

бүгінгі жүрісіме...

3 наурыз, 1977 жыл