ВЕРНУТЬСЯ

   Айтылар
сөзің көп еді,

айтқызар
сезім көп еді,

тұп-тұнық еді

тұмадай мөлдір ойың да.

Көгілдір
еді...

Көкпеңбек
еді...

Көк
еді...

Көк
түндей еді

шашылған
жұлдыз-моншағы,

көгілдір
түстің мол шағы

көктемдей еді...

Сезім
де,

сөз
де,

тал
бойың толы бұла қан,

ақтығың
менен пәктігің

Ай
менен аспан сұраған.

Аққайың-тоғай
көзінде:

Махаббат
болып сан күліп,

Махаббат
болып жаңғырып,

Махаббат
болып жылаған.

Көңілің
көзсіз - құрақ-ән,

көңілің
ессіз - бұлақ-ән,

бұрқырап күнде

быт-шыт
боп таудан құлаған.

Қиядан
мінез,

жасыннан
өлең сұраған,

көгілдір
едің,

көктемдей
едің,

көк
нөсер болып

төккендей
едің,

көк-жасыл
кеште өткендей едің...

Қайда
енді, қайда сол үнің -

көгілдір
үнің,

көк
түсің?..

Баса
алмай сезім солығын,

айтылар
сөзді

айта
алмай жүріп,

жоғалтып
алған жоқпысың?!.

6 тамыз, 1978 жыл