ВЕРНУТЬСЯ

   Далада
аяз...

Ақпанды
ұмыттым да,

ақтарылдым
бір бөтен сезім болып,

жанарымнан
ел сезбес сыр ұқтың ба,

орғыды
бір ойнақшып көзіңде елік,

/Кездестің
сен...

Ғажайып
кезім болып/?!

Ырғағында
вальстің...

Ағынды
әннің

сезімге
ерен көмілдім...

Тербетілдім.

Қанша
күткем,

сәтті
осы сағынғанмын,

аңсағанмын
қонуын жерге түннің?!

Құшағында сезімнің тербетілдім...

Жүздім,
қалқып вальстің екпінімен.

Ақпан...

Аяз...

Алматы
шыр айналды.

Еріп,
балқып бар денем кетті білем,

қызыл-жасыл
дүние шырайланды...

Көңілімнің
осы бір күйіндей боп,

көктемдей
боп,

көйлекшең-киінбей
кеп,

аязға
ертіп кетсең де

армансызбын...

Армансызбын!

Тербетілген

жастықтың
биіндей боп...

ақпан,
1969 жыл.