ВЕРНУТЬСЯ

    Сағатқа

Балқұрақ
иісі аңқыған,

бауларға
барғың келді ме?!

шыршалар
мүлгіп, шалқыған

тауларға
барғың келді ме?!

Жүрекке
жалын, от берген

алқызыл
кеште сырнайлы;

бүлдірген
терген бөктерден

дауысын
естіп қурайдың...

Көңілдің
бұлғап жейдесін,

қараша
қаздар өткенде;

бала
күндердің бейнесін

табыстап
шулы көктемге...

Сыздатып
балтыр, табанды,

Көксайдың
бойын жағалап,

самалға
төсеп жағаңды,

ойларды
кеште сабалап...

Балқұрақ иісі аңқыған

бауларға
барғың келді ме?!

шыршалар
билеп, шалқыған

тауларға
барғың келді ме?!

қазан,
1969 жыл.