ВЕРНУТЬСЯ

    Қарашада
қамығып шын жүріп ем,

ойларымды,
арманымды тонатпай.

Алғашқы
қар!

Жауыпсың
ғой түнімен,

шақырусыз
келіп қалған қонақтай.

Аппақ
әлем...

Жаралғандай
шешеден,

аспан
асты қуанышқа кенелді.

Бар
шаттықты жетелеп ап көшемен,

ару
қыздар шапқыласа жөнелді.

Бара
жатты менің бір топ досым да,

таң
бозынан сабағына асығыс.

Күн
ысыды...

Күлкілердің
қосында,

алғашқы
қар, ерідің сен жасып іш.

Ерідің
сен... Еріп кеттің ілезде.

/Мезгіліңнен
бекер ерте жауғансың/.

Бой
алдырып қас-қағым сәт мінезге,

қарашаны
желтоқсан деп қалғансың.

Кейде
осылай арбайды кеп алдамшы үн,

қысқалығы
шаттығыңның сезілмей.

Сұрайтыным: Төрт мезгілім жалғансын,

тек
өмірім ерімесін өзіңдей.