ВЕРНУТЬСЯ

  Тәңірім жырын төккенде,

боянар түске көгал маң;

жазбаған жырлар көп менде,

жырлар да көп-ау жоғалған.

Соз айтсам досқа ұнаған,

шақырып алға озар күн;

Табиғат - менің ұлы анам,

Көгердім бірге бозардым.

Озады
жылым, айларым,

сарғайып, бірге ағарам;

өлең боп
тулап ойларым,

жұлдыз боп көкпен ағар ән.

Самалын
сүйем даламның,

шыңдарға сүйеп арқаны;

тұңғиық мына ғаламның

артатын
жүгі бар тағы...

Озады
жүйрік күндерім,

басына
таудың түнейміп;

кеудені
керіп үн керім,

көктемде
қайта түлеймін...

Жазбаған жырлар көп менде,

жырлар
да көп-ау жоғалған.

Ақын
боп туған көктемде,

ақын
боп өлсек жоқ арман...

Қыркүйек, 1970жыл.