ВЕРНУТЬСЯ

   «... Ымыртта
тауды тасалап,

арқамнан аққан жұлдыздай.»

Төлеген
Айбергенов

І.Үнім менің алаңдарда адасты...

Талай
арман Алатаудан басталып,

Алматының
бақтарында жалғанды.

Ағыл-тегіл
сезім болып жас тамып,

Өлең
шіркін!.. Ұмыттырды жалғанды.

Талай
жігіт жүрегімен «дерт» еміп,

сұлуларға ыстық қойнын бақ ашты.

Жұлдызды түн... Көшелерім өртеніп,

үнім
менің алаңдарда адасты.

Адасса
да...

Сыр
берместен «тістеніп»,

жүрегімнің
түкпірінде тоңды ауыл.

Бір
өлеңім ұшып кетті құс болып,

бір
өлеңім кеуделерге қонды ауыр.

Тынышымды
алды менің Айлы аспан,

астананы
сілкіп-сілкіп күй тынды.

Бір
өлеңім?!

Жүрегімде
жайғасқан

қайғым
болды алған менің ұйқымды.

Бір
өлеңім?!.

Жазылмаған
өлеңім...

Ойларымды
ойларыма жалғады.

Алматыны
кезіп үнсіз келемін,

алты
құрлық шақырардай алдағы.

Көңіл...

Көңіл...

Көк
аспанды шарлады.

Наурыз, 1967
жыл.