ВЕРНУТЬСЯ

   Ай
да сол бір,

түн
де сол бір,

жол
дағы...

Сүттей
аппақ жондағы

сыңсыды
кеп сыбызғы жел сондағы,

сыңсыды
кеп «ах» ұрып,

қай-қайдағы
көш-көңілді,

көшкен
үнді шақырып.

Алай-дүлей...

Астан-кестен
сапырып...

Ұзақ-ұзак

сыңсыды-ай
кеп, сыңсыды,

әлденуақ

әзер-әзер
тыншыды.

Ұясына Ай
батты,

қарауытты
шың биік,

қарауытты қарағайлы тұңғиық.

Қараспанның
астындағы қара орман

тастағандай
жүрегіме мұң құйып;

үрей
буды,

буды
мені тұңғиық.

Жоғалғандай,

тоналғандай

бойымдағы
отты-ағын,

қарға
адым жер

аттай алмай тоқтадым.

Қамыс
қора...

Қарағай
үй тұр үнсіз...

Оттың
қозын аудардым да,

әлденені,

әлдекімді
жоқтадым?!

Төніп
келіп,

ту
сыртымнан ұрлана

тұрғандай-ақ құрық ұстап бір бала.

Жалт
қарадым...

Байғыз
үні «сұңқ» етті,

«шаңқ» етті тек шың ғана.

Ай
да сол бір,

Түн
де сол бір,

сенгісіз...

Шілде
түні...

Байғыз
үні...

Қай
арадан,

қай
жырадан

естілгені
- белгісіз?!.

13 шілде, 1979 жыл