ВЕРНУТЬСЯ

    Есіл ер өтті...

Артында қалды баласы,

аңырап
қалда анасы;

жан
жары қалды егіліп,

інісі
қалды -

осы
үйдің жалғыз қарасы.

Мәңгіге
кетті бір адам,

мәңгіге
кетті бір аға...

Қаңырап
қалды бір орда

төсекте
жатып,

тірліктен
қайыр сұраған.

Өксітіп
кетті артын ол,

өкініп
қалды халқы мол;

өгейсіп
қалды құба жон,

өмірден
мынау

үзілді
тағы жарты жол.

Үзіліп
тұрды бір өлең,

үзіп
ап қайда жіберем?!

Өлмейтін
пенде жоқ жерде;

қолымнан
келсе,

таусылмас
жолды тілер ем...

Сыңсыды
баяу жел ғана,

азалы
күйде - Ел... Дала...

Тыншыды
жаны пенденің,

бір
ұлын тағы

құшағына
алды Жер-Дана.

Есіл
ер кетті...

Есімі
қалды, үн қалды,

жаңғырып
қара шың қалды.

Көктемі,
жазы қалды артта,

қарайып
үйі,

қаңырап
төрі мұңданды...

қыркүйек, 1967 жыл.