ВЕРНУТЬСЯ

  Шатынардай
жанымның жасындары,

сағынамын
сені мен қасымдағы;

сағынамын,
шашыңнан сипап тұрып,

қоштасардай
күні ертең жасыл бағым.

Көзден
ұшып жасыл тау, жасыл көлдер,

жасыл
аспан жасаурап шақырардай.

Қоштасардай біз сүйген жасыл белдер,

көк
өзендер көктемгі «ах» ұрардай...

Алау
ернің...

Албырап,
гүлім-еркем,

ақырғы
рет өртеніп жанатындай;

бәрі-бәрі
бітердей бүгін-ертең,

өлең
біткен таусылып қалатындай.

Осып-осып
өтердей жасындарым,

сағынамын,
сені мен қасымдағы.

Сағынамын!

Шашыңнан
иіскеп тұрып,

қоштасардай
күн ертең жасыл бағым...

қазан,
1968 жыл.