ВЕРНУТЬСЯ

     Құсы қашып көлімнен көп үміттің,

көкіректен көшкенде көміліп
түн...

«Қайта тусам қайтер ем?» деп те кейде,

оранамын қиялға егіліп мың.

Өмірімнің құбылып сонар көгі,

бәрі, бәлкім, басқаша болар ма еді?!

басқа Нұрлан басқаша ғұмыр кешіп,

қонбай кеткен құстарым қонар ма еді?!.

Кезеңдерді сілкілеп қайдағы мұң,

өзендердің көтеріп сайдағы
үнін,

басқа Нұрлан басқаша ғұмыр кешіп,

сезімі ұшып жүрмей ме Айға, күнім?!.

Жо-жоқ!

Тоқта!

Caп, көңіл, шебіндемін.

(Адастырар адамды тегінде мұң).

Мен өзгеріп, апыр-ай, не
істемекпін?!

Жер езгермес, өзгермес
көгімдегі үн.

Екі ғұмыр сұраман, төгіл, демім!

Шабыт берсең, болғаны -
көгіндемін.

Бір-ақ ғұмыр сұраймын сондықтан да,

естен кетпес жыр сыйла,
көгімдегі үн...

Ғұмыр сыйла, бір ғұмыр білер елім,

өлең сыйла тап басар жүрек
емін.

Екі ғұмыр берсең де мен бәрібір,

дәл осылай өмірді сүрер едім...

6 қаңтар, 1980 жыл -

16 сәуір, 1995 жыл