ВЕРНУТЬСЯ

   Ән
таусылды...

Би
бітті...

Елес
бітті...

Көңілім
тынышталар емес тіпті;

жаңбыр
күткен даладай тынып үнсіз,

күпті
менің жүрегім, белес күпті.

Ойға
күпті секілді тал-қайың да,

биігім
де, еңісім, шалғайым да,

күпті
болып дүние жатыр күллі,

Өлең
болып өртеніп тандайымда.

Минут...

Сағат...

Осынау
секілденіп

көз
алдымда көк аспан кекілденіп,

қолын
бұлғап көктегі терезелер,

мұңаяды сынық ай жетімденіп.

Ойдың
төрі - белгісіз ғаламдардай,

биі
бітіп, ортайған алаңдардай.

Түнгі
көше...

Түнгі
үйлер күрсінеді...

Түнгі
Алматы -

аяулысын
аңсаған адамдардай.

Ән
таусылды...

Би
бітті...

Елес
бітті...

Түнгі
қала ұйқыда, кеңес бітті...

Тілдесердей
қу жүрек ғарышпенен,

Дүние
тынышталар емес тіпті.

30 шілде, 1979 жыл