ВЕРНУТЬСЯ

   Meн соғысты көргем жоқ...

Сезем,
бірақ...

Соғыс жәйлі ойлансам, өзен, құрақ

ортенгендей болады көз алдымда,

өрт емгендей
болады кезең, қырат.

Қарындасым елестеп бүршік-ерін,

өз-өзімнен шошынам, түршігемін.

Суалғандай лезде айна көлдер,

қуарғандай болады жыршы белім.

Дүниенің көрініп сұрқы надан,

ақындар
да ғайып боп жыр құраған;

көз
алдыма елестер анам ғаріп...

Жарым...

Қызым...

Елестер
шырқыраған...

Қызыл
жалын таулардың төсін қарып,

жылайтындай
бар ғалам,

кешім
налып.

Елестейді
әйтеуір, бір сұрапыл,

соғыс жәйлі ойлансам, есімді алып.

Жанды
буар алапат елесі боп,

тыртық
көмген әкемнің денесі боп.

Соғыс...

Соғыс...

Келесің
көз алдыма

ормандар
боп ораған көбесін от.

Meн соғысты көргем жоқ...

Түршігемін...

(Соғыстан соң көктеген бүршік едім).

Ұлың да оны көрмесін, иә, Тәңірім!

Бейбіт-тұмар аспаным, жыршы көгім,

әр
кез аман төбемде...

5 қаңтар, 1980 жыл