ВЕРНУТЬСЯ

     Кеше мені сатып кетті бір аға.

Шерге баттым... Шектім азап...(Сұрама!..)

Пендедейін бір сұрапыл күй кештім

қалып қойған тар шатқалда,
жырада.

Айқайладым... Жаңғырықты өз
үнім...

Ай сырғыды аспанменен көзі -
мұң.

Ойым менің маңдайымен жар соқты,

жарқабақта жараланды сезімім.

Жүрегімді буды келіп таспа-мұң,

тындым үнсіз - тарылғандай
аспаным.

Көз алдымда аласарды бір
адам,

өзгерді де кебін киіп
басқаның.

Кісіліктің тартылғандай бұлағы,

тауларымның бітелгендей құлағы;

мені кеше сатып кетті бір
адам,

көз алдымда бір биігім құлады.

Тағдыр қатал... Қыршып түсті
қақпандай...

(Аңдаусызда әлдекім оқ атқандай).

Жаңғырды үнім, арым қатты
шыңғырды,

шыңырауға құлап бара жатқандай.

Нұрлан Оразалин

«Арғымақ ойлар»

Кеше мені сатып кетті бір
аға,

шерге баттым, шектім азап...

(Сұрама!..)

 Тұншықтырды сезімімді cop, ұйық,

Ойым қалды тар шатқалда,
жырада...

қараша, 1982 жыл